389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында көп балалы отбасыларға арналған үйлер тұрғызылады

  • 415
Ақмола облысында көп балалы отбасыларға арналған үйлер тұрғызылады

Ақмола облысында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үйлердің құрылысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатта аймаққа ел қазынасынан 1 жарым млрд теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр. Ал қаржының 1 млрд-тан астамы жалпы саны 148 пәтерлік он шақты үйдің құрылысына кетсе, қалғаны аталған топтағы отбасыларға пәтер сатып алып беруге жұмсалады. Осылайша жыл соңына қарай осындай 176 отбасы баспаналы болмақ. Ал пәтер кезегінде қазір 1 мыңға жуық көп балалы және аз қамтылған отбасы тұр. Айта кетейік, жақында өңірде Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жобасының аясында қолға алынған «Бақытты отбасы» бағдарламасы да іске қосылады. Ол арқылы тұрғындар үстемесі небәрі 2 проценттік ипотекаға қол жеткізе алады. «Яғни баспанаға мұқтаж отбасыларды пәтермен қамтамасыз ету жан-жақты қарастырылып жатыр», – дейді жергілікті билік өкілдері.

Гүлмира Тасова, облыстық құрылыс басқармасының бөлім жетекшісі:

– Жаңадан салынатын баспаналар жалдамалы болады. Яғни сатып алу құқығынсыз. Бірақ өмір бойы балалары да тұра береді. Бағдарлама үш жылға арналған. Яғни алдағы жылдары да тағы жүздеген отбасы баспаналы болады.

Хабар 24 телеарнасы