384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бірқатар автобустың бағыты өзгерді

  • 111
  • UPD: 13:39, 30.05.2019
Елордада бірқатар автобустың бағыты өзгерді

Нұр-Сұлтанда №4, 4А және №21 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларға байланысты мамыр айының 30-ынан 1 маусым күні сағат 13:00-ге дейін Тәуелсіздік көшесі мен Нәжімеденов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін №4, 4А және №21 бағдарлардың қозғалысы шектелді.

№4, 4А бағдарлар «№74 лицей мектебі» бастапқы аялдамасынан бастап Тәуелсіздік даңғылы – Нәжімеденов көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Нәжімеденов көшесіне оңға, Аманжолов көшесіне солға, Байтұрсынов көшесіне солға, одан әрі Тәуелсіздік көшесіне оңға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

№21 бағдар «Теміржол вокзалы» бастапқы аялдамасынан бастап Тәуелсіздік даңғылы – Нәжімеденов көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Нәжімеденов көшесіне оңға, Аманжолов көшесіне солға, Байтұрсынов көшесіне оңға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

Хабар 24 телеарнасы