378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕҚЫҰ байқаушылары өңірлерді аралауға кірісті

  • 170
ЕҚЫҰ байқаушылары өңірлерді аралауға кірісті

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары Алматы облысына келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде 1040 сайлау учаскесі бар. Оларға мамыр айының 25-нен бастап сайлаушылардың тізімі келіп түсе бастады. Сайлау күні тұрғылықты мекенжайында болмайтын азаматтарға есептен шығару куәліктері беріліп жатыр. Ондай сайлаушылар сол құжаттардың көмегімен кез келген жерден дауыс бере алады.

Тимур Дәуітов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Бүгінгі күні 83 есептен шығару куәлігі берілді. Олар негізінен вахталық әдіспен жұмыс істейтін сайлаушыларға, еңбек демалысында және іссапарларда жүрген азаматтарға берілген. Жұмыс жалғасуда. Осы науқанды өткізу мәселелері тұрақты бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы