389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балаларды жарақаттанудан қалай сақтаймыз?

  • 294
  • UPD: 16:08, 30.05.2019
Балаларды жарақаттанудан қалай сақтаймыз? unicef.org

Елордада Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында балалар өздерінің кездейсоқ жарақаттану тәжірибесі туралы айтып, ересек адамдарды балаларға қауіпсіз ортаны қалай құру керек жайлы үйретудің маңыздылығына назар аударды.

«БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына сай баланың қауіпсіз ортада өмір сүру құқығы - бұл негізгі қағидалардың бірі. Біз ЮНИСЕФ-те Қазақстандағы балалардың жарақаттану мәселесі алаңдатады. Күн сайын дерлік апаттар, өрттер, суға батып кету және терезеден құлау туралы жаңалықтарды естудеміз. Тек 2017 жылы ғана жарақаттардың салдарынан 27 мыңнан астам бала ауруханаға жатқызылды, ал 1 283 бала жазым болды. Осы себепті біз Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығымен, Электрондық денсаулық сауқтау орталығымен, статистика комитетімен бірге халықты ақпараттандыру және профилактикалық іс-шаралар жайлы мамандар мен ата-аналарды, балаларды оқыту мақсатында жұмыс жасаймыз. Біз басқа мемлекеттік органдарын, бизнес өкілдер мен ата-аналардың қауымдастықтарын да осы серіктестікке қосылуға шақырамыз», - деді БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зәуре Ахметованың айтуынша, Қазақстанда жарақаттар, жазатайым оқиғалар және уланулар халық арасында өлім-жітім және мүгедектікке алып келетін басты себептердің бірі және жалпы өлім-жітім құрылымында 4-орынды иеленеді.

Жыл сайын республикада 600 мыңнан аса адам түрлі жарақаттар алып жатады, олардың ішінен 22%-ы балалар мен 14 жасқа дейінгі балалар. Балалар арасында оқыс жарақаттанудың алдын алуға бағытталған іс-шараларға тек Денсаулық сақтау министрлігі ғана емес, экономика, қоғам, БАҚ саласындағы барлық секторлар, әсіресе балалардың денсаулығына бірінші кезекте жауап беретін ата-аналар болып табылады.

«Біз балалар жарақатын барынша азайту, оның салдарынан болатын өлім мен мүгедектікті төмендету мақсатында жақын мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік келешекке әзірленген нақты іс-қимылдар жоспарымен жұмыс жасауымыз қажет. Бүгін республикадағы балалар жарақаттанушылығы бойынша ағымдағы жағдай мәселелерін, Қазақстанда балалар жарақатының алдын алу жөніндегі ҚР заңнамасына және құқық қабылдаушы практикаға, стратегия мен іс-қимылдар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін талқылауды ұсынамын», - деп өз сөзін қорытындылады Зәуре Ахметова.

ЮНИСЕФ және ДДҰ-ның жарақаттанушылық, денсаулық және қоршаған орта мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшысы Джоан Винсентен Қазақстанның 8 өңірінде 0-14 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары арасында ЮНИСЕФ өткізген сауалнаманың қорытындылары және ұсыныстарымен таныстырды, сондай-ақ, балалар жарақаттануының алдын алу бойынша алдағы 3 жылға қойылған қадамдары талқыланды.

Сауалнамаға сәйкес, 3000 отбасы, 84% қазақстандық ата-аналарға балаларды қауіп-қатерлерден қорғау қиынға түседі; 82% ата-аналар көбіне инфрақұрылым сапасыз жобаланған деп санайды; 80% ата-аналар заңнама жеткілікті деңгейде сақталмайды және қорғалмайды деп ойлайды, және қазақстандық ата-аналар балалар арасындағы жарақаттанушылықты төмендетуге ықпал ететін қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге мемлекет қолдау көрсетуі тиіс деп санайды.

Еске сала кетсек, балалардың оқаусыз жарақаттануын алдын алу апталығы аясында жарақат алған балалармен және ата-аналар арасында фокус-топтар өткізілді. Денсаулық сақтау, білім беру, әкімшілік полиция, төтенше жағдайлар, коммуналдық шаруашылық, ақпарат және мәдениет, әлеуметтік қорғау салаларындағы мамандарға семинар өткізіліп, сертификат берілді.

Хабар 24 телеарнасы