378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 2 адамның өліміне кінәлі жүргізуші сот алдында жауап берді

  • 135
  • UPD: 16:31, 30.05.2019
Алматыда 2 адамның өліміне кінәлі жүргізуші сот алдында жауап берді inform.kz

Алматыда аялдамаға соғылып, екі әйелдің өліміне кінәлі жүргізушіге қатысты сот отырысы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, 32 жастағы Александр Типикин 16 наурызда мас күйінде әрі жүргізуші куәлігінсіз Toyota Corolla көлігін тізгіндеген. Тәтібеков көшесінде келе жатып, Renault Duster көлігіне соғылып, аялдамада тұрған 3 жолаушыны қағып кеткен. Көлік апаты салдарынан ауыр жарақат алған Руза Есімханова мен Мереке Абенова көз жұмған тағы бір жолаушы Манарбек Тоғжанов аяғы сынып, ауруханаға түсті. Сонымен қатар, ол көлікті рұқсатсыз жүргізген. Сол себепті Александр Типикинге ҚР ҚК 346-бабының 5-бөлімі бойынша айып тағылып отыр», - деді мемлекеттік айыптаушы Дәурен Халықов.

Сот алдында жастағы 32 жастағы Александр Типикин жауап беріп жатыр.

Айта кету керек, жол апаты 16 наурызда Медеу ауданында болған. Көлік апатынан 2 адамның көз жұмып, тағы бір адамның зардап шеккен болатын.

Хабар 24 телеарнасы