389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде сайлаушылар тізімі толық анықталды

  • 303
  • UPD: 20:11, 30.05.2019

Жол салу, ауыз сумен қамтамасыз ету, электр жүйелерін тарту. Міне қарапайым халыққа бірінші кезекте керегі осылар.

Бұл жұмыстар әрине мемлекет тарапынан жүргізілетін болғандықтан ел ертеңіне зор үмітпен қарайтын халық, алдағы саяси науқанда белсенділік танытуға әзір. Мәселен, Ақтөбеде сайлауға 326 мыңнан астам қала тұрғыны қатысуы тиіс. Олар шаһардағы 150 учаскеге бекітіліп те қойды. Тіпті жаңадан құрылған 18 сайлау учаскесіне тіркелген жандарға, шақыру қағаздары толықтай таратылды.

Темірбек Нұртазин, Ақтөбе қалалық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары:

- Заң бойынша бір учаскеде үш мыңнан артық сайлаушы болмау керек. Артық болса бөлініп кетеді. Соған біздер қарап, шекараларын бөліп учаскелердің, енді 17 учаске қостық. Қала өсіп жатыр, адам саны көбейіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы