384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы сайлау комиссиялары мүшелерінің тең жартысы жаңарды

  • 113
  • UPD: 20:12, 30.05.2019

Биыл Маңғыстау облысындағы сайлау комиссиялары мүшелерінің тең жартысы жаңарды.

Аймақтағы барлық 223 сайлау учаскесіне жас қызметкерлер көптеп қабылданған. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов Ақтауда арнайы семинар өткізіп, оларға сайлау заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндірді. Биыл мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беріліп отыр. Арнайы норма бекітіліп, арбаға таңылғандар мен көзі нашар көретіндердің дауыс беруіне мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар сайлау комиссияларының құрамы сайлаушылар санына қарай 5-тен 11 адамға дейін көбейді.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Аумақтық сайлау комиссияларының екі мүшесі 2019 жылдан бастап тұрақты кәсіби негізде жұмыс істеп жатыр. Бұл үлкен табыс сайлау жүйесіне. Бұрын тек қана сайлау кезінде жұмысқа келіп жүретін. Қазір міне 1 қаңтардан абстап соңғы желтоқсан күніне дейін жұмыс істейді, жұмысты ұйымдастырады. Осындай жақсы өзгерістер болды.

Хабар 24 телеарнасы