389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Cайлау күні Ресейдегі Қазақстан азаматтары бес қалада дауыс бере алады

  • 255
  • UPD: 20:09, 30.05.2019

9 маусым күні Ресей елінде 5 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазақстан азаматтары Мәскеу, Санкт–Петербург, Қазан, Астрахань және Омбы қалаларында дауыс бере алады.

Ресейде қазақстандық студенттер өте көп. Бір ғана, Омбы мемлекеттік техникалық университетінде 4 мыңдай бала білім алады. Солардың бірі Дилора Сүлейменова. Түкістандық қыз машина жасау инженері болады.

Дилора Сүлейменова, Омбы мемлекеттік техникалық университетінің студенті:

- Оңтүстіктен келген соң мына жақ маған суық болып көрінді. Бірақ қазір енді үйреніп кеттім. Қазір 4-курста оқимын. Диплом дайын. Магистратурадан кейін елге барамын. Алматы қаласында менің салам бойынша жұмыс бар. 

Қазір студенттер үшін жазғы сынақ басталды. Бірі емтихан тапсырады, енді бірі диплом қорғайды. Омбыда оқып жүрген қазақстандық жастар өз таңдауын осында жасай алады. Петропавлдық Владимир Анников биыл бірінші рет дауыс береді. Ол маңызды іс- шараларға қазақтың шапанын киіп барады. Бүгін олармен консул кездесіп, саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

Владимир Анников, Ф.М. Достоевский атындағы омбы мемлекеттік университетінің студенті:

- Мен журналистка мамандығына оқуға түстім. Қазақстанда болып жатқан жаңалықтарды қалт жібермеймін. Сайлауға әрине барамын. Өйткені менің дауысым өте маңызды. Қазақстанды күллі әлем таныса деймін. Сондықтан шапанымды тастамаймын. Көрген адам қай елден екенімді біліп жүрсін.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Шоқан Уәлиханов көшесі. Омбы қаласында адамдар көп серуендейтін ең әдемі көшелердің бірі. Міне ұлы ғалымның еңселі ескерткіші. Бұл жерде Қазақстан Республикасының Консулдығы орналасқан. Сайлау күні Отандастарымыз осында келіп дауыс береді.

Қазақстанның Омбыдағы консулдығында 292-сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазір мұнда дауыс беретін кабиналар мен жәшік орнатылды. Маңызды науқанға сайлау күні осы жаққа жұмыспен немесе қонаққа келетін азаматтар да қатыса алады.

Қонысбек Жүсіпбеков, Қазақстанның Ресейдегі консулы:

- Мысалы, жұмыс бабымен қазақстандық азаматтарымыз келіп қалса, қырыдып келіп қалғандар болады мына жерде. Шекаралас болғаннан кейін, қазақстандық азаматтар көп келеді. Олар да осы жерде, біздің учаскіде дауыс берулеріне болады. Бүгінгі таңда бәрі дайын, 100 пайызға.

Жалпы Ресейде 5 сайлау учаскесі ашылады. Олар осы Омбы, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан және Астрахань қалаларында орналасады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы