384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін ажырасуға дайын

  • 114
  • UPD: 21:34, 30.05.2019

Шымкентте көп балалы отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін ажырасуға дайын.

Себебі сотқа неке қию туралы өтініштер көбейген.  Аналар ақша үшін ажырасамыз десе, әкелер жағы мемлекеттің аз ғана көмегі үшін туған балаларынан бас тартып отыр. Қаладағы Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров осылай дейді. Биылғы алғашқы тоқсанда 856 азамат ажырасуға арыз беріпті. Мәселен бір ғана аудандық сот аптасына 15-20 шағымды тіркейді екен. Ал кейбіреулері қателігін түсініп, кейін ойынан бас тартып жатады. 

Қайрат Ізбасаров, Еңбекші аудандық сотының судьясы:

- Бірге тұрамыз дейді, бірақ некені бұзуыңызды сұраймыз дейді. Ол қалай болғаны? Ажырасқан азамат ертең қайта некеге тұрып, некесін тіркеп ала салады. Оған ешқандай қиыншылық жоқ. Ал енді әкелікті даулау мәселесі бойынша, оны да түсіндіріп айтамыз. Егер соттың шешімі қабылданып, азамат балалардың әкесі емес деп танылатын болса баланының әкесі ретінде жазудан алынып тасталынады. Оны қайтып қоса алмайды. Сол көмек алу үшін, басқа да жағдай жасау үшін отбасы мәселелері мен ойнауға болмайды деп айтамын.

Хабар 24 телеарнасы