389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада SAP компаниясының XII форумы өтті

  • 315
  • UPD: 20:41, 30.05.2019

Ақылға қонымды бизнес. Дәл осындай атаумен Елордада SAP компаниясының 12-форумы өтті.

Оған 200-ге жуық ірі  компания өкілдері мен серіктестері жиналды.Ауқымды шараға біздің елден бөлек, көршілес мемлекеттердегі бизнес-қауымдастықтардың 2 мыңға жуық өкілі қатысып, ІТ технология саласының тың жаңалықтарымен танысты.

Форум жұмысында компанияның қызметі таныстырылды. Жалпы халықаралық дәрежедегі компания бүгінде корпоративтік қосымшалар нарығындағы әлемдік көшбасшы саналады. Өнімдерін әлемнің 180 еліндегі 413 мыңнан астам тұтынушы қолданады. Қазақстанда  отандық компанияларға, бизнесті жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы өрлетуге қолғабыс етіп келеді.

Евгений Теремов, SAP Қазақстан басқарушы директоры:

- Әлем бойынша компаниялар өз бизнесін цифрлық деңгейге шығаруды ойлайды. Сондықтан біз  бизнестегі инновацияны қолдаймыз.  Ұжыммен бірге мен Қазақстандағы бизнес пен серіктес арасындағы байланысты дамытуды жалғастыра бермекпін. Сондай-ақ мемлекеттің ІТ-көшбасшыларымен бірлесе отырып,  «Цифрлық  Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуына оң шешімдер ұсынатын боламыз.

Бұдан бөлек форум барысында SAP бизнес-шешімдерін қабылдауда ерекшеленген компаниялар марапатталды. Еліміздегі бірқатар ұжым SAP шешімдерін қолдану арқылы, басқару тетіктерін оңтайландырды.  Айталық, отандық мұнай газ саласындағы компаниялар бірыңғай басқару жүйесіне көшу арқылы барлық шығындарды азайтқан.

Дмитрий Салов, «Қазмұнайгаз» АҚ компаниясының ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры:

- Бұл заманауи жобаның тиімділігі біз үшін шаш етектен. Себебі, компаниямыздың өндірістік бөлімшелерімен қарым-қатынас тиімділігі артты.  Инновациялық технологиялар арқылы бірқатар жұмыстар автоматтандырылды. Компания жөндеу мен жеткізуді ашық және дәл жоспарлауға көшті. 

Жалпы SAP ТМД елдерінің барлығында қызмет етеді. Компания кез келген өнеркәсіптің инновациялық даму жолына тың серпіліс береді. Сондай-ақ жас ІТ мамандары және студенттермен жұмыс жасап келеді.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы