389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қаласы бойынша құны 60 млрд теңгенің қаржылай қателіктері анықталды

  • 348
  • UPD: 23:43, 30.05.2019

Өткен жылы Алматы қаласындағы 64 мекемеге аудит жүргізілген. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 60 миллиард теңге болатын қаржылық қателіктер анықталған.

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы мен Республикалық есеп комитетінің бірлескен отырысында айтылды. Тексеру қорытындысы бойынша бюджетке 900 миллион теңге қайтарылған. Қаржылық қателіктердің көп бөлігі, дәлірек айтсақ, 85 проценті бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеуден туындайды дейді мамандар.

Мирзат Қалиев, қалалық тексеру комиссиясының төрағасы:

- Қаржылық қателіктер өкінішке орай, бухгалтерлік есепте көп кездеседі. Себебі қаржыгер мамандардың біліктілігі төмен. Біз мектептерді тексергенде есеп бөлімдерін орталықтандыруды ұсындық. Меніңше бұл жұмыс сапасын жақсартып, оңтайландырады. Мұндай тәжірибе Нұр Сұлтан қаласында бар.

Хабар 24 телеарнасы