383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда көп балалы отбасыларға жаңа пәтер кілттері табысталды

  • 106
  • UPD: 23:45, 30.05.2019

Қостанайлық көп балалы отбасыларға да жаңа пәтер кілттері табысталды.

Тұрғын үйлер сатып алу құқығымен 20 жылдық мерзімге жалға берілді. Баспаналы болғандардың бірі Нұртазиндер жанұясы. Осы уақытқа дейін олар пәтер жалдап келген. Енді «Нұрлы жер» бағдарламасымен жаңа шағын ауданнан үш бөлмелі үй алды. Жалпы қала бойынша 790 көп балалы отбасы бар, соның 470-і баспанаға мұқтаж. Жыл соңына дейін тағы 80-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлайды. 

Жұмахан Нұртазин, қала тұрғыны:

- Кілтті берді. Төлем жасаймыз ай сайын. 55 мың теңге төлейміз 20 жыл. Ешқандай бастапқы төлем деген жоқ. Үш балам бар. Олар өсіп келе жатыр. Соған өте қуаныштымын баспаналы болғаныма.

Хабар 24 телеарнасы