378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 135
  • UPD: 23:46, 30.05.2019
Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды

Дәстүрлі  «Мерейлі отбасы»  ұлттық байқауына биыл Нұр-Сұлтан қаласынан 70-ке жуық жанұя қатысты.

Бүгін сол жетпістің арасынан бір жеңімпаз отбасы анықталды. Спорт пен ғылым, шығармашылық пен өнер саласында аты шыққан көпбалалы отбасылардың арасынан жүлдегелерді анықтау қазылар үшін қиынға соққан көрінеді. Талантты Оспанқұловтар мен Қалдыбаевтар әулетіне үшінші орын бұйырса, сегіз қырлы бір сырлы  Дауешовтар мен Малжанбай отбасы екінші орыннан көрінді. Ал ақын Дүйсенқазы әулеті бірінші орын иегері атанды. Бас жүлде Қойбақовтардың қанжығасында кетті.  Жеңімпаз пен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Енді Нұр-Сұлтан қаласының жеңімпаздары қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға қатысады.  

Сейітхан Қойбақов, «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы:

-  Елбасымыз айтқандай дамыған 30 елдің қатарына кіреміз деген соған енді әр жанұя өзінің үлесін қосса сонда ғана біз үлкен күшті мемлекет боламыз деп сезінеміз.

Хабар 24 телеарнасы