384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қаралы жылдары 135 мың адам тұтқынға алынған

  • 345
  • UPD: 14:56, 31.05.2019

Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Осыған орай Өскеменде «Алаш туы астында» атты көшпелі көрме өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл жолы танымдық шара қаладағы 55/18 әскери бөлімінде ұйымдастырылды. Жас сарбаздар назарына бас көтерер талай азаматты қуғынға ұшыратқан зұлмат жылдар туралы деректер мен фотосуреттер ұсынылды. Сәулет этнографиялық мұражай қызметкерлері жауынгерлермен бөлісу үшін облыстық мемлекеттік мұрағаттар басқармасы мен Полиция департаментінен сирек кездесетін  құжаттар, түрлі анықтамалар алдырыпты. Осылайша жауынгерлер Алаш қайраткерлерінің ғұмыры мен жеке туындыларынан көп мағлұмат  жинақтады. Соның ішінде Әлихан Бөкейхановтың еңбектерімен танысып, жеке құжаттарының көшірмелерін көруге мүмкіндік алды. Жалпы айта кету керек, зерттеуші-тарихшылардың ақпаратына сүйенсек, Шығыс Қазақстан өңірінен қаралы жылдары 135 мың адам тұтқынға алынып, оның 300-і ату жазасына кесіліпті.

Нұркен Қойшыбаев, 55/18 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері:

- Өзіміздің аға-әпкелеріміз, қандас бауырламымыз осы жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған кезінде. Әкімшілік кезіндегі жазалаушылар еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін, нәзік жанды әйелдерге дейін ешкімді аяған жоқ. Ал қазіргі біздің міндеттеріміз, борыштарымыздың бірі – аға-бауыр, әпкелеріміздің, жазықсыз жандардың есімдерін ұмытпау.

Хабар 24 телеарнасы