378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы Zhastar Invest байқауында 20-ға жуық жоба ұсынылды

  • 194
  • UPD: 14:54, 31.05.2019
Алматыдағы Zhastar Invest байқауында 20-ға жуық жоба ұсынылды

Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға ден қойып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай Алматы қаласында Zhastar Invest байқауы өтті. Қазылар алқасының назарына өндіріс, маркетинг, экология, білім, ақпараттық технология саласындағы 20-ға жуық жоба ұсынылды. Олар халықаралық талаптарға сәйкес бағаланды. Яғни бірінші кезекте жобаның қолданылуы, әлеуметтік пайдасы мен экономикалық тиімділігі ескеріледі. Қызықты әрі пайдалы идея авторлары инвесторлармен кездесіп, өзінің стартап жобасын алдағы уақытта жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Мысалы, дәрігер интерн Бексұлтан Бердуаш дәрігер, дәріхана және емделушімен байланыс орнататын Flash Medi қосымшасын таныстырды.

Бексұлтан Бердуаш, стартап жобаның авторы:

- Қазіргі таңда ІТ-саланың дамыған заманы. Сол үшін өзіміз медициналық саланы қолға алмасақ, яғни цифрландырмасақ, онда басқа мемлекеттің осындай қосымшалары біздің медицина нарқын басып алуы мүмкін.

Вячеслав Попов, Zhastar Invest қазылар алқасының мүшесі:

- Біздің мақсатымыз – креативті жастарға қолдау көрсету. Мейлі, алғашында қателесер. Дегенмен оларда бизнеске деген қызығушылық пайда болады. Әзірге тәжірибелері аздау. Бірақ коммерцияландыруға дайын, тіпті табыс әкелетін жобалар да бар.  

Хабар 24 телеарнасы