389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда жас суретшілердің фотокөрмесі өтті

  • 477
  • UPD: 14:53, 31.05.2019
Түркістанда жас суретшілердің фотокөрмесі өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістанда «Қасиетті шаһар – балалар көзімен» атты фотокөрме өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінде ұйымдастырылған шараға жас суретшілердің «Астана және Түркістан» тақырыбында салған үздік туындылары қойылды. Көрме экспозициясын тамашалауға келген бүлдіршіндердің біріне Тайқазанның суреті ұнаса, өзгесіне кесененің, музейдің суреті ерекше әсер еткен. Шара аясында көрмеге келген оқушылар мен балабақша бүлдіршіндеріне қорық-музей атынан арнайы сыйлықтар табысталып, экскурсия жүргізілді. Сондай-ақ балғындар кесене ішіндегі құжыра бөлмесінде «Қазақфильм» киностудиясы әзірлеген «Күлтегін» анимациялық фильмін тамашалады.

Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне жыл басынан бері 61 343 оқушы тегін кіріп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен музейге қарасты тарихи орындармен танысқан.

Берік Байболов, «Әзірет Сұлтан» қорық музейі ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі:

- Жас жеткіншектердің салған шығармашылық суреттерін оқушылар мен халықтың арасында насихаттауды бүгінгі көрме мақсат тұтады. 3 ай демалыс кезінде музейлерге кіру тегін. Сондықтан біз 3 ай бойы оқушыларға осындай көрмелер ұйымдастырып тұрамыз.

Хабар 24 телеарнасы