378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинаның еңбек сіңірген журналисі: Қасіретті кезеңді әлі зерттеу қажет

  • 115
  • UPD: 14:53, 31.05.2019

«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын жастардың жадына тоқып, зердесіне түйе білуіміз қажет».

Украинаның еңбек сіңірген журналисі және қоғам қайраткері Василий Василашко осылай деп ой түйеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Зұлмат жылдар туралы украин тілінде кітап жазған жазушы қуғын-сүргін тауқыметін әсіресе Украина мен Қазақстанның көп тартқанын айтады. «Қазақ халқының жанашырлығы мен көмегі арқасында өзге этнос өкілдері, оның ішінде Украина азаматтары да жан сақтап қалды», – дейді жазушы.

Василий Василашко, Украинаның еңбек сіңірген журналисі, жазушы:

- Мен үнемі өз материалымда саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтан Қазақстан мен Украина бірдей ауыр зардап көргенін жазамын. Бұрынғы Кеңес кезеңіндегі мемлекеттер арасында дәл осы екі елдей ашаршылықтың тауқыметін тартқан халық жоқ. Репрессия құрбандарын жастар білуі тиіс. Ол үшін мемлекетаралық ғылыми зерттеу жүргізгеніміз де жөн.

Хабар 24 телеарнасы