389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


SAP компаниясы IT-мамандарға қолдау көрсетеді

  • 207
  • UPD: 14:52, 31.05.2019

Әр саланы цифрландыру үшін адам капиталын дамыту қажет, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Яғни инновацияны енгізетін білікті мамандарды дайындау маңызды. Сондықтан SAP компаниясы студенттердің біліміне қаржы құйып, IT-мамандарға қолдау көрсетеді. Жалпы, халықаралық компания әлемдік және қазақстандық кәсіпорындарға бизнесті түрлендіру мен оңтайландыруға көмек береді.

Мына макеттегі логистикалық кешен жобасы біраз елде жүзеге асқан. Жүк тасымалдайтын көліктер орталыққа кіргеннен бастап цифрлық жүйе бәрін өзі реттейді. Тіркелмеген, тексерілмеген тауар болса, арнайы қондырғы дабыл қағады. SAP-дің серіктесі халықарлық Accenture компаниясы қазақстандық кәсіпорындармен де әріптестік орнатып жатыр.

Антон Копылов, компания менеджері:

- Орталыққа көлік кірген кезде, тиелген тауар сканер арқылы өтеді. Бұрынғыдай әр затты бөлек санау деген жоқ. Дәрі-дәрмек  болсын, бөтелке болсын, жеке-жеке тексеріледі. Бұл уақыт үнемдейді және заңсыз тауар тасымалына тосқауыл болады.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы SAP платформасында трансформация бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. «Біріктірілген басқару жүйесі» жобасы жоспарлау процестерін автоматтандыруға бағытталған.

Шолпан Өмірбекова, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілі:

- Бұл жоба іске асқан кезде біздің компанияның жүк тасымалы көлемін жоспарлау жүйесі математикалық үлгілермен және ІТ-құралдарымен толығады. Яғни біз SAP өнімдерін нәтижелі қолданамыз. Бұл біздің мәліметтер базасындағы ақпараттарды қайта өңдеуге көмек береді.

SAP компаниясының шешімдері мен қызметін әлемнің 180 елінде 413 мың клиент қолданады. Корпоративтік қосымшалар нарығындағы көшбасшы Қазақстан экономикасы дамуының стратегиялық серіктесі қызметін атқарады. Инновацияны қолдайтын компания «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы үшін шешімдер ұсынбақ.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы