378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде шағын кемелердің қауіпсіздігі тексеріледі

  • 125
  • UPD: 09:33, 31.05.2019
Елімізде шағын кемелердің қауіпсіздігі тексеріледі asia-vietnam.ru

1 маусымнан 31 тамызға дейін жыл сайын жалпы республикалық «Скутер» акциясы өткізіледі.

Оның мақсаты - шағын өлшемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, елдің су айдындарында апаттық жағдайлар мен экологиялық қатерді болдырмау, жазатайым оқиғалар мен адамдардың өлім-жітімін азайту. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда катамарандарды, салмақты және үрлемелі қайықтарды қоспағанда, 18 мыңнан астам шағын өлшемді кеме тіркелген. Шомылу маусымы кезінде жасанды және табиғи су айдындарындағы кемелер саны күрт артады. Акция кезінде шағын көлемді кемелерді қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру жоспарланып отыр. Атап айтқанда: құтқару құралдарының болуы, басқару құқығы бар тұлғалардың кемелерді басқаруы, тіркелген кемелерді және т. б. Пайдалануы қадағаланатын болады.

«Скутер» акциясы су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Көлік комитеті жүзеге асыратын 2019 жылға арналған флоттағы апаттылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады.

Бұған қоса, Көлік комитетінің аумақтық органдары кеме иелерімен, шағын көлемді кемелердің тұрақтау базаларының және демалыс аймақтарының иелерімен шағын көлемді флотты қауіпсіз пайдалануды реттейтін заңнама талаптарын түсіндіреді.

«Су көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісін тәулік бойы көлік комитетінің Ахуалдық орталығының 98-35-35 сенім телефонына немесе фото және бейне материалдарды What ' sApp messenger 8-708-088-08-00-ге жіберуге болады», - деп көрсетілген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы