383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электрондық теміржол билетін сатудың жетілдірілген жүйесі енгізіледі

  • 132
Электрондық теміржол билетін сатудың жетілдірілген жүйесі енгізіледі elorda.info

1 шілдеден бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК қарасты барша бағыттарға электронды жол жүру билеттері жаңа автоматтындырылған және заман талабына сай жетілдірілген жүйе арқылы сатылатын болады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

2019 жылдың 29 наурызында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі арасында теміржол тасымалы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жол картасына үш жақты қол қойылған болатын.

Осы құжаттың негізінде билет алып-сатарларына қарсы бағытталған маңызды шешім қабылданды.

«Атамекен» ҰКП, ҚР Көлік прокуратурасы, МҚІСҚ Агенттігі және ҚР ИИДМ-мен бірге өткен басқосуда «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы мамандары жеке билет сататын касса өкілдеріне электронды билет сатудың жетілдірілген жүйесін таныстырды.

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап компанияға қарасты барша бағыттарға электронды жол жүру билеттері жаңа автоматтындырылған және заман талабына сай жетілдірілген жүйе арқылы сатылатын болады. Бұл жүйе жолаушылардың қайтарған билеттерін белгіленген уақыт аралығында ғана сатылымға шығарады. Яғни алып-сатарларға жемқорлықпен айналысуға бөгет болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығының мәлімдеуінше, жаңа жүйенің енуі билет құнына әсер етпейді. Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін күшейтетінін жеткізеді.

 

Хабар 24 телеарнасы