383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда қылмыскерлер күзетшіні есінен тандырып, банкоматты ашпақ болды

  • 126
  • UPD: 13:44, 31.05.2019
Нұр-Сұлтанда қылмыскерлер күзетшіні есінен тандырып, банкоматты ашпақ болды zakon.kz

Тергеу барысында күдіктілердің бұған дейін дүкендердің бірінен төлем терминалын ұрлап кеткендіктері белгілі болды.

Нұр-Сұлтан қаласының криминалды полиция қызметкерлерімен банкоматты тонамақ болған ұрылыр ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорданың екі тұрғыны мен Ақмола облысының тұрғыны қала емханаларының бірінде тұрған банкоматтағы ақшаны ұрламақ болған. Олар кешқұрым мекемеге кіріп, күзетшіні есінен тандырған, артынша банкоматты болгаркамен кеспекке бел буады. Қаскөйлер ойлағанын жүзеге асыра алмай із суытқан.

Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералының көмегімен күдіктілерді ұстаған. Олар 38, 34 және 29 жастағы ер адамдар болып шықты. Тергеу барысында күдіктілердің бұған дейін дүкендердің бірінен төлем терминалын ұрлап кеткендіктері белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты соталды тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың елорда аумағында жасалған осы сияқты басқа да қылмыстарға қатыстарының бар жоғы тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы