380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 316 адам СПИД індетін жұқтырған

  • 121
  • UPD: 14:47, 31.05.2019
Атырау облысында 316 адам СПИД індетін жұқтырған

Атырау облысында СПИД ауруын жұқтырғандардың қатары артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір облыста қатерлі ауруды жұқтырғандардың саны 316 адамды құрап отыр. Биылғы жылдың алғашқы 4 айында ауруға 10 адам шалдыққан. Өкінішке қарай, СПИД-ті емдеуге бүкіл әлемдік медицина әлі күнге қауқарсыз. Дегенмен дәрігерлердің үздіксіз ем-дом алған адамның өмірін ұзартып, ажалды тежеп тұруға шамасы келеді. «Бастапқы кезеңде вирусты таратушылар нашақорлар болса, қазір негізінен жыныстық қатынас арқылы таралуда», – дейді мамандар.

Гүлнәр Омарова, АИТВ орталығы, эпидемиология бөлімінің меңгерушісі:

- Анықталғандардың 60 пайызы 20-29 жас аралығындағылар, ал қалғаны 30-45 жас, ал барлық тіркелгенді алатын болсақ, 95 пайызы осы 15-49 жас аралығында. Бұл кезеңді нағыз сексуалды белсенді жас дейді. Біздің болашағымыз ВИЧ инфекциясынсыз өмір сүруі үшін біз осы жастардың арасында көп жұмыс жасауымыз керек.  

Хабар 24 телеарнасы