382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада алимент қарызы бар азаматтар үшін жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

  • 115
  • UPD: 14:11, 31.05.2019
Елордада алимент қарызы бар азаматтар үшін жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді astana.gov.kz

Еңбекпен қамтылмауы себебінен алиментін төлей алмай жүрген борышкерлер үшін елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

«Ағымдағы жылдың 3 маусымында сағат 10.00-де «Жастар» сарайында Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының бастамасымен Әділет департаменті, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе отыра алимент бойынша қарыз өтілі бар азаматтарға бос жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырады», - деп көрсетілген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Бүгінде 30-дан астам елорда кәсіпорындары аталған шараға қатысуға дайындықтарын білдірді. Жәрмеңкеге алимент бойынша борышкер, өздігінен жұмысқа орналаса алмай жүрген барлық азаматтар қатыса алады. Тек міндетті түрде жеке кәуілігігі болуы шарт.

Хабар 24 телеарнасы