378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ким Дже Вон: Қазақстан – әкемнің екінші Отаны

  • 163
  • UPD: 15:33, 31.05.2019

«Әкемнің екінші Отаны».

Қазақстан туралы Корея азаматы Ким Дже Вон осылай айтады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Ол анасының құрсағында болғанда әкесі хабар-ошарсыз кеткен. Құжаттар бойынша Ким Гон Хун 1937 жылы репрессияға ұшыраған. Оның тағдырының бір жағынан қайғылы, ал екінші жағынан сәтті беттері Жолымбет ауылымен байланысты екен.

Іздеу оның өмірлік мақсатына айналған. Ким Дже Вон күнде әкесі туралы ақпаратты іздейді. Ким Гон Хун немесе Герберт Ким 1950 жылы маусымда хабар-ошарсыз кетті. Ал бес айдан кейін Дже Вон дүниеге келді. Сол кезде Онтүстік және Солтүстік Корея арасында соғыс басталды. Содан бері Герберт Кимнің тағдыры белгісіз. Төрт жыл бұрын оның әйелі қайтыс болды, бірақ ажал алдында жатқанда ол қызына әке туралы деректерді табуды сұрады. Іздестіру жұмыстарының нәтижесі Жолымбет ауылына әкелді.   

Ким Дже Вон, Герберт Кимнің қызы:

- Ол Иркутск, Минусинск және Жолымбетте жұмыс істеді. АҚШ мамандары қазбаларды көп өндейтін технологияны енгізді, сондықтан әкемді және басқа американдықтарды жергілікті тұрғындар қатты сыйлады. Бір мың тоғыз жүз отыз үшінші жылы АҚШ азаматтары отанына оралды, бірақ әкем қалды, өйткені Қазақстандағы тіршілік пен жұмыс оған ұнады. Ол өз жазбаларында «қазақстандықтар жылы шырайлы, адал және сенімді болған» деп жазды.

Бір мың тоғыз жүз отыз жетінші жылы Герберт тыңшылық үшін айып тағылып, жиырма бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оның әкесі бұл туралы естігенде жақын дос болған қытай дипломатының көмегімен ұлды босатты. Осындай деректерді Ким Дже Вон Қазақстанға келген кезде тапты.

Ким Дже Вон, Герберт Кимнің қызы:

- Мұрағатта әкемнің барлық сот отырыстары тарихымен таныстым. Бұл құжаттар 2024 жылға дейін құпияланды, сондықтан олардың тек 10% көшірілуіне мүмкіндік берді. Біз тағы бес жыл күтуіміз керек, әкем туралы құжаттарды тез алғым келеді. Өкінішке қарай, Петропавлға келгенде саяси репрессия құрбандарын еске алу қабырғасында әкемнің атын таппадым. Сталин кезіндегі қайғылы оқиғалар қайталанбас үшін жастар, болашақ ұрпақтар оны білуі керек деп ойлаймын.

Ким Дже Вонның болжауынша, оның әкесі КХДР-да қайтыс болды. Бірақ ол ақпаратты растау әлі қиын, себебі Солтүстік және Оңтүстік Кореялар арасында дипломатиялық қатынастар жоқ.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы