389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы көрмеге жазықсыз істі болғандардың тергеу құжаттары қойылған

  • 239
  • UPD: 15:11, 31.05.2019
Қостанайдағы көрмеге жазықсыз істі болғандардың тергеу құжаттары қойылған

Қостанай облыстық Полиция департаментінің музейінде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың қылмыстық іс материалдарының көрмесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жерге 1920-50-жылдар аралығында жазықсыз істі болғандардың 20-ға жуық тергеу құжаты қойылған. Әлі күнге құпиялық күшін жоймаған қылмыстық іс материалдарын қолмен ұстап, ақтарып қарауға рұқсат жоқ. Тек анықтамасын оқып, танысуға болады. Соның өзінен-ақ сарғыш тартқан суреттер мен қағаздарда қаншама адамның қилы тағдыры, қайғы-қасыреті жатқандығын анық аңғарасыз. Полиция департаментінің мұрағатында сол бір зобалаң жылдары 7 мыңға жуық адамды айыптаған 3 мың қылмыстық іс материалдары жатыр.

Нәзира Цымбалюк, облыстық ПД музейінің қызметкері:

- Осы құжаттардан жоқ жерде жау іздеудің қитұрқы әрекеттері қолданылғандығын білуге болады. Мысалы, тегі Ким болғаны үшін ғана кәріс ұлтының бірнеше өкілі Жапония барлаушысы деп айыпталған. Біздің қолымызда қазір 30-дан астам карточка бар тегі Ким деп толтырылған. Іс қағаздарында олардың барлаушы екендігін дәлелдейтін басқа ешқандай құжат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы