380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда Comic Con Astana фестивалі басталады

  • 267
  • UPD: 16:11, 31.05.2019
Нұр-Сұлтанда Comic Con Astana фестивалі басталады elorda.info

31 мамыр мен 2 маусым аралығында Астана EXPO Конгресс орталығында алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азияда Comic Con Astana фестивалі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Ауқымды іс-шараға Disney, Marvel, Wargaming, Turner (Cartoon Network), НВО (Home Box Office Int., Warner Bros.Entertainment), Nickelodeon және Sony Pictures Entertainment сияқты әлемдік брендтер қатысатынын растады. Фестиваль аясында бірнеше орындар: танымал кейіпкерлермен танысып, қызықты сұрақтар қою үшін кино-павильоны, негізгі сахна, автограф-сессия залы, үстел ойындары мен халықаралық студиялардың кибер аймағы жұмыс істейтін болады.

Ne Prosto Orchestra симфониялық оркестрі өнер көрсететін фестивальдің салтанатты ашылуы бүгін сағат 15.00-де өтпек.

1 маусымда фестиваль хэдлайнері Йохан Филип «Пилу» Асбектің – «ИГРА ПРЕСТОЛОВ» сериалының жұлдыздары келеді деп күтілуде. 12.00-де актердің шығармашылық табынушылары үшін баспасөз конференциясы мен автограф-сессиясы өтеді. Фестивальдің соңғы күні NINETY ONE тобының концерті жоспарланған.

2 маусым күні сағат 12.30-да музыканттардың қатысуымен баспасөз конференциясы, ал өнер көрсету кешкі сағат 20.00-де өтеді.

Сонымен қатар, қонақтар комикс әлеміндегі жаңалықтардың тұсаукесерін, косплей жұлдыздарымен бірге автограф-сессияларды, фильмдер мен сериалдардың арнайы көрсетілімдерін, панельдік сессиялар мен мастер-класстар, киберспорттан чемпионат, комикстер көрмесі, косплей сайысы, ұтыс ойындары, сыйлықтар мен жүлделер күтеді.

Сондай – ақ, ұйымдастырушылар келушілер үшін тағы бір фантастикалық Meka роботының көрінісін дайындады. «Гик-әлемнің» маңызды оқиғаларының бірі балаларды қорғау күніне орайластырылған, ал фестивальді Қазақстанда Astana Convention Bureau атынан Нұр-Сұлтан әкімдігі ұйымдастырды. Comic Con Astana билеттерін жобаның www.comicconastana.com ресми сайтынан Zakazbiletov.kz сервистің көмегімен алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы