379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балалар туристік пойызының алғашқы сапары елордадан басталады

  • 316
  • UPD: 17:07, 31.05.2019
Балалар туристік пойызының алғашқы сапары елордадан басталады Samruk-Kazyna Trust

Нұр-Сұлтанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызының алғашқы сапары басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жобаның қатысушылары елордада жиналып, еліміздің әдемі тарихи орындарына саяхатқа аттанбас бұрын, қызыққа толы екі күн өткізеді.

Жаздың бірінші күні балалар туристік пойызының үш кезеңінің алғашқы кезеңі басталады. Бұл күні ел бойынша жиналған 200-ден астам мектеп оқушылары елордаға жиналып, онда топтарға бөлінеді, тәрбиешілермен кездесіп, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларға және аниматорлармен ойын-сауық іс-шараларына қатысады: флэш-мобтар, жарыстар, спорттық іс-шаралар және т.б.

2 маусым қатысушылар «Нұр Әлем» болашақ мұражайына барады. Бәйтерек, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасын, қаланың спорттық және мәдени сарайларын көріп, елорданы екі деңгейлі автобуспен аралайтын болады. Сол күні кешке пойыз осы жылғы алғашқы саяхатқа жолға шығады. Пойыз сапарға аттанбас бұрын балалар перронда флешмоб ұйымдастырады.

«Тоғыз күндік саяхат бағдарламасы негізгі қалалар мен барлық сапар барысында көптеген шығармашылық, интеллектуалдық және тынығу шаралары ойластырылған. Балалар күндерін жаттығумен, ұрандармен және таңғы аспен бастайды. Күннің қалған бөлігінде түрлі шығармашылық, музыкалық, интеллектуалдық үйірмелер мен ағылшын тілі курстарына қатысады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Пойыз бағдарына Нұр-Сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балқаш қалалары кіреді. Жобаның алдыңғы маусымының қатысушылары балалар экскурсиялық пойызының туған жердің керемет тарихи орындарын көріп, көптеген жаңа дос табуға үлкен мүмкіндік екенін ерекше атап өтті.

«Туған елге саяхат» жобасы 2016 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылып жатыр. 

Жоба балалардың жан-жақты дамуына, қоршаған әлемге қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысып, патриотизмді нығайтуға бағытталған. Қатысушылардың қатарына «Самұрық-Қазына» АҚ шалғай өңірлерде орналасқан өндірістік кәсіпорындары мен зауыт жұмысшыларының 500 баласы, қазақ диаспорасының өкілдерінен 50 бала және шығармашылық байқау жеңімпаздарынан 50 бала кіреді.

Хабар 24 телеарнасы