389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутаттары «АЛЖИР» кешенінде болды

  • 298
  • UPD: 20:28, 31.05.2019

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева бастаған депутаттар саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барып, «Қасірет қақпасы» монументіне гүл қойды.

Депутаттар «Алаш», «АЛЖИР» залдарына экскурсия жасап, «АЛЖИР-дің ызғарлы суығы» деректі фильмін көрді. Сенат спикері зұлмат, нәубет жылдарындағы қазақ халқының өзге ұлт өкілдеріне пана болып, қол ұшын бергені туралы айтты. Бұл күннің мән-мағынасын келер ұрпаққа жеткізе білу қажеттігін жеткізді. «Халқымыздың бастан кешкен ауыр сынақтарын еске алу біздің ұлы игілігімізді Қазақстанның тәуелсіздігін сақтап, бағалауға түрткі болады», – деді Сенат төрағасы.

Хабар 24 телеарнасы