389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК төрағасы Б.Имашев ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылары миссиясының басшысымен кездесті

  • 236
  • UPD: 20:31, 31.05.2019

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Демократиялық институттар және адам құқықтар бюросы, бақылаушылар миссиясының басшысы Уршула Гацекпен кездесті.

Берік Имашев оны кезектен тыс президент сайлауын өткізуге дайындық барысымен таныстырды. Сайлау комиссия мүшелерін және басқа да қатысушыларын оқыту жайы, сайлаушылар тізімі және сайлау бөлімшелерінің дайындығы, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу ережелерімен таныстырды. Өз кезегінде Уршула Гацек Орталық сайлау комиссиясының бақылаушылар миссиясымен ынтымақтастық орнатып, бірлесе атқарған істері үшін алғысын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы