389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тарихшылар: Ашаршылық жылдары екі миллионнан астам адам қаза тапқан

  • 268
  • UPD: 19:27, 31.05.2019
Тарихшылар: Ашаршылық жылдары екі миллионнан астам адам қаза тапқан

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым». Елордада өткен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы осылай аталды.

Шаһар жұртшылығы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының монументіне гүл қойып, бір минут үнсіздік жариялады. Осылайша, қазақты қынадай қырған зұлмат құрбандарына елордалықтар тағзым етті. Тарихшылардың дерегі бойынша, аштықтың өзінен екі миллионнан астам адам қаза тапқан.

Саттар Мәжитов, тарихшы:

– Ашаршылық жылдардың өзін жеке алған жағдайда біздің демографиялық жағдаймызыға қаншама әсер етті. Біз оны әлі тармақтап зерттеп үлгермей жатырмыз. Бүгінгі таңда арнайы зерттеулер жүргізу мәселесі, тіпті қуғын сүргін, ашаршылық тақырыбы тек 90-жылдардың басынан бері көтеріліп келе жатса да, біз осы кезге дейін 30 жылдары не болды деген сұрақтарға жауап беріп үлгердік.

Хабар 24 телеарнасы