378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 48 сайлау учаскесі таңғы алтыда ашылады

  • 279
  • UPD: 19:31, 31.05.2019
Елімізде 48 сайлау учаскесі таңғы алтыда ашылады

9 маусымда өтетін президент сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 мың 968 дауыс беру бөлімшесі жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлау туралы заңға сәйкес олар таңғы 7-ден кешкі сегізге дейін ашық болады. Дегенмен аймақтық сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша, елімізде 48 сайлау учаскесі таңғы алтыда ашылатын болды. Сондай-ақ әскери бөлімдер, демалыс үйлері сынды мекемелердегі 555 сайлау учаскесі тізімдегі азаматтардың барлығы таңдауын жасағаннан кейін дауыс беруді кез келген уақытта аяқтай алады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Жиында 4 мәселе қаралды. Оның бірі халықаралық ұйым байқаушысы Джейхун Шахвердиевті аккредиттеудің күшін жою туралы. Сонымен қатар сайлау комиссиясының мүшелерін оқыту қорытындылары жарияланды. Бүгінге дейін аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері 100 процент оқытылған. Ал учаскелік сайлау комиссияларының 94 проценті қамтылды. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын акредиттеу 3 маусымға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы