384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында көп балалы отбасыларға пәтер кілті табысталды

  • 126
Қызылорда облысында көп балалы отбасыларға пәтер кілті табысталды

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев көп балалы отбасыларға жаңа пәтердің кілттерін табыстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

100 пәтерлі бұл тұрғын үйді салуға «Болат Өтемұратов қоры» есебінен 450 миллион теңге бөлінген. Жалпы аз қамтылған көп балалы отбасыларға арнап барлығы 150 пәтер үлестіру жоспарланған. Оның 100-і «Болат Өтемұратов» қоры есебінен «Бала мекен» жобасы аясында салынып, пайдалануға берілді. Енді облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға маусым айының соңына дейін тағы 50 пәтердің құрылысын аяқтау көзделіп отыр. Бүгін көппен бірге қоныс тойлағандардың бірі – 7 баланың анасы Ізімкүл Тұрсанова. Ол бұған дейін пәтер жалдап келген.

Ізімкүл Тұрсанова, қала тұрғыны:

– Үй үлкен, бөлмелері де кең, балаларға ыңғайлы, барлық жағдай жасалған. Көңілімізден шықты, өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы