389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде балаларға арналған спорттық ойын алаңы ашылды

  • 482
Семейде балаларға арналған спорттық ойын алаңы ашылды

Балаларды қорғау күні қарсаңында Семейде спорттық ойын алаңы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жоба «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы шеңберінде демеушілер қаржысымен жүзеге асқан. Сөйтіп тұрғындардың тұрмыс сапасын көтеріп, жасөспірім балалардың спортпен айналысуына қолжетімді жағдай жасау. Енді Цементшілер кентінің жас жеткіншектері осында келіп, уақыттарын тиімді өткізе алады. Жалпы аумағы 1280 шаршы метрді алып жатқан алаңда бүлдіршіндер үшін ойын алаңы қарастырылса, ересек балалар әртүрлі жаттығулар жасап, футбол ойнай алады. Нысанның ашылуында сөз сөйлеген демеушілер тап осындай 40 алаң енді Түркістан, Павлодар, Атырау облыстарында бой көтеретінін жеткізді.

Клара Ғалиқызы, қала тұрғыны:

– Семей көркейіп жатыр. Балалар енді үйдің жанында ойнайды, алаңдамаймыз. Жылдан жылға дамыған, жаңарған деген осы. Еліміздің жетістігін осындайдан көреміз.

Мирас Іргебаев, әлеуметтік жобаларды дамыту қорының департамент директоры:

– Бұл кешеннің ерекшелігі, қысы-жазы пайдалана беруге болады. Қыс кезінде футбол алаңында хоккей ойнауға мүмкіндік қарастырылған. Осы маңайдағы тұрғындар отбасымен келіп тынығып демалатын орын болады деп сенеміз. Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласы мен Ақтоғай кенттерінде де осындай кешен салу жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы