378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

  • 202
  • UPD: 08:05, 01.06.2019

Түркістан облысында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналғандар алдымен шаһардағы жоғары медицина колледжінде орнатылған Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл қойды. Құрбан болғандардың рухына тағзым етті. Алаштанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері өскелең ұрпаққа бұл күннің мән-маңызын ұғындырып, алаш қайраткерлерінің арман-мақсатын түсіндірді. «Нәубет жылдары еліміз бойынша бірнеше миллион адам аштықтан қырылса, 113 мың адам қуғын-сүргiнге ұшырап, 25 мың зиялы азаматымыз жазықсыз атылды. Осы қасіретті жылдары Түркістан облысы бойынша 2500 адам «халық жауы» ретінде құрбан болды. Ал ұрпақтары «халық жауының баласы» атанып, өмiрдiң қиындығы мен азабын көрді.

Хазіретәлі Тұрсын, алаштанушы ғалым:

– Біз тарихтан тағылым алуымыз үшін, өткенге тағзым етіп отыруымыз үшін, Түркістан қаласында да осындай бір мемориалды ескерткіш керек. Бұл ескерткішті біз «Алаш аллеясы» деп атасақ. Алаш – біздің тарихымыздың қасіреті. Орындалмай қалған армандарымыз. Алаш – Тәуелсіздіктен туған біздің қазақ халқының қасиеті. Міне, қасіреттен қасиет іздеу – рухани жаңғырудің бір парасы.

Хабар 24 телеарнасы