378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық полицейлер отбасы үлгісіндегі балалар ауылының 40 тәрбиеленушісіне тосынсый жасады

  • 124
  • UPD: 09:17, 01.06.2019
Ақтаулық полицейлер отбасы үлгісіндегі балалар ауылының 40 тәрбиеленушісіне тосынсый жасады

Ақтаулық полицейлер отбасы үлгісіндегі облыстық балалар ауылының 40 тәрбиеленушісіне тосынсый жасады.

Мереке қарсаңында жеткіншектер тәртіп сақшылары тізгіндеген электрокар, квадроциклге мініп, жағалау бойында серуен құрды. Сондай-ақ атты полиция жасағының қызметімен танысып, жылқы тізгінін ұстады. 14 шағын аудандағы станционарлық бекетке бас сұғып, жағажайды тәулік бойы бақылайтын бейнекамералар пультін басқарып көрді. Балаларға естелік сыйлықтар үлестірілген соң серуен ашық теңізде жалғасты. Катермен саяхатқа шығып, кейін балалар тәртіп сақшыларымен бірге  жаттығу кешенінде спортпен шұғылданды.

Аманбек Кошев, облыстық ПД кадр саясаты басқармасы басшысының орынбасары:

- Олардың осы мереке күні қарсаңында құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өзіміздің жедел-басқару орталығында апарып, былай айтқанда полицияның бір күндік тіршілігінен хабардар қылып жатырмыз. Алдымызда өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың дұрыс азамат болып қалыптасу жолындағы мақсатты көздеген шара.

Гауһар Пешиқұлова, балалар ауылының тәрбиеленушісі:

- Біз жаңа олардың жұмыс орнына барып, көріп келдік. Мұражайын көріп келдік. Бізге қатты ұнап жатыр. Оларға деген біздің алғысымыз шексіз. Себебі осындай мерекеде балалардың көңілін аулап, бізге көп қуаныш сыйлап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы