389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 342 мың адам қант диабетімен есепте тұр

  • 284
  • UPD: 12:20, 01.06.2019
Елімізде 342 мың адам қант диабетімен есепте тұр

Қант диабеті өршіп барады. Дүниежүзінің 420 млн астам тұрғыны осы дертпен сырқаттанса, оның 70 пайызға жуығы Азия халықтарына тиесілі екен.

Себебі азиялықтардың ұйқы безі еуропалықтарға қарағанда инсулинді аз бөледі дейді Алматыда өткен Орта-Азиялық диабетологиялық форум қатысушылары. Қазіргі күні Қазақстанда қант диабетімен ауыратын 342 мың адам есепте тұр. 2021 жылы елімізде сусамыр ауруына шалдыққандар саны 600 мыңнан астам болуы мүмкін-деген болжам бар. Ал қазақстандықтардың 92 пайызы қант диабетінің екінші түрі, яғни артық салмақпен келген сусамыр ауруына шалдыққандар дейді дәрігерлер. Сондықтан форумда дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстану жайы көп айтылды. Елімізде қазірдің өзінде тегін скринингтік бағдарламалар жүзеге асырылып, мемлекеттік қазынадан әрбір науқасқа 200 мыңнан астам қаржының дәрі-дәрмегі алынып жатыр. Дегенмен, әлемді алаңдатып отырған қант диабеті ауруына байланысты мемлекет тарапынан ұлттық бағдарлама жасалуы керек-дейді, отандық мамандар.

Жанкентхан Абылайұлы, «Диабетті зерттеу бойынша қазақстандық қоғамның» төрағасы:

- Қант диабеті бұл әлеуметтік, медициналық және экономикалық проблема. Неге әлеуметтік? Әлеуметтік дейтін себебіміз, біз қант диабетімен ауыратын аурулар көп болған сайын біздің қоғамымызда солардың негізгі жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Көбісі жаңағы инвалидностьке кетеді. Бұл неге әкеліп соғады? Бұл экономикалық үлкен шығынға әкеліп соғады.

Хабар 24 телеарнасы