382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында Қара майорға ескерткіш орнатылды

  • 94
  • UPD: 12:30, 01.06.2019
Алматы облысында Қара майорға ескерткіш орнатылды

Алматы облысы Райымбек ауылында аты аңызға айналған Ауған соғысының ардагері, Қара майор лақап атымен белгілі Борис Керімбаевқа ескерткіш орнатылды.

«Бұл маңызды оқиға - біз қазақ даласының көрнекті ұлы, Отанының нағыз патриоты, аты аңызға айналған Ауған соғысының батыры полковник Керімбаев Борис Төкенұлының құрметіне ескерткіш-мемориал аштық. Ескерткішті оның туып өскен, балалық, жастық шағы өткен, әскерге шақырту алған жерінде орнату, Қара майордың көзі тірісінде мәлім болған. Ол қызметте 35 жылдан астам уақыт болды, ең қиын жылдары ауған соғысы кезіне түсті, онда бізді тағдыр тоғыстырды», - деді Борис Керімбаевтың қызметтегі серіктесі Асылхан Өтеев.

tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы