379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада балаларды қорғау күніне мерекелік шеру өтті

  • 170
  • UPD: 13:22, 01.06.2019
Елордада балаларды қорғау күніне мерекелік шеру өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордада мерекелік шеру өтті.

Ауқымды шараны тамашалау үшін Қазақ елі алаңына Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева, қала әкімі Бақыт Сұлтанов пен білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова барды. Шеруге шаһардың 86 мектебінен ұзын ырғасы 9 мыңға жуық оқушы мен колледж студенттері қатысты. Түрлі киім киіп, ерекшеленген ұлдар мен қыздар Ұлттық музейден бастап Әзірет Сұлтан мешітіне дейін саппен жүріп өтті.

Ербол Іргебай, қалалық оқушылар сарайының директоры:

- Әр оқу орны өзінің ерекшелігімен көрініп тұр. Біреуі барабаншылар оркестрін шығарады. Біреулер ұлттық киімдерімен немесе басқа дәстүрлі нәрсені шығаруға тырысады. Яғни әр оқу орны өзінің бір брендімен ерекшеленуге тырысады. Осындай алаңда түрлі шаралар өтіп жатыр. Біздің оқушылар сарайында картинкадан жарыс болып жатыр. Сурет салу,  былай сурет салудан балаларға арналған шаралар өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы