387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 700-ден астам жетім баланың пәтер алуына қолдау жасалған

  • 376
  • UPD: 13:59, 01.06.2019

Шығыс Қазақстандағы кәсіпорындар мен мекемелер 2 мыңнан астам  жетім баланы өз қамқорлығына алды.

Негізгі мақсат  олардың  баспаналы болып, жұмысқа орналасуына көмектесу. Бұл қайырымдылық шарасы  осыдан 7 жыл бұрын басталған «Мейірім» акциясы аясында жүзеге асырылып келеді. Осылайша бүгінге дейін 700-ден астам баланың пәтер алуына қолдау жасалды.   «Балаларды қорғау күні» мерекесінде ата-анасыз өскен тағы бір жеткіншек осындай мүмкіндікке ие болды.

Жасөспірімдер үйінде тұратын Богдан Садықов үшін бүгін ерекше күн. Өзін балалар үйінен бастап қамқорлыққа алған облыстық статистика басқармасы оған  салтанатты түрде баспана алуға мүмкіндік беретін сертификат табыстады.

Богдан Садықов, балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі:

- Ең алғаш рет баспаналы болғалы тұрмын. Қуанышымда шек жоқ. Барлығына алғысым шексіз. Өзім балалар үйінде өскендіктен болашақта үлкен отбасым болса деп армандаймын.Оның негізі бүгін қаланды деп ойлаймын.

Балалар үйінің тәрбиеленушісі Ғалия Сүлейменова да осы басқарманың қамқорлығында. Ұжымның қолдауымен осыдан екі жыл бұрын жекеменшік пәтерін алды.Ал колледжді аяқтаған соң осы жерге қызметке орналасыпты.

Ғалия Сүлейменова, облыстық статистика басқармасының жетекші маманы:

- Менің ұжымым маған отбасы сияқты өйткені,әрбір мейрамды біз бірге өткіземіз,өте көңілді өтеді. Мен мемлекетік қызметке тұру үшін мемлекет тест тапсырғанда үлкеннен бастап кішіге дейін маған тесті қалай тапсыру керек бәрін үйретті.

Өлкедегі ірілі-ұсақты кәсіпорындар мен мекемелер балалар үйі тәрбиеленушілеріне әлеуметтік қолдау көрсетуде  аса  белсенді. Осылайша  олардың тұрғын үй алуға арналған банктегі есеп-шоттарына ақша аударуда.Нәтиже де жаман емес.

Әлібек Мақажанов, облыстық статистика басқармасының басшысы:

- Өз коллективіме мың да бір рақметімді айтқым келеді. Сөздің шыны керек 2012 жылы бастаған кезде ешкім сенге жоқ еді, бола ма жоқ па, қалай болады, қашан болады, бала қалай өседі деген сияқты бәрінің де кішкене күмәні  болды, бірақ міне жеттік соған, балалардың қуанғнын көріп, біз де қуанамыз.

Жетім балаларды жебеуге арналған  «Мейірім» акциясы бойынша соңғы 7 жылда 750 бала баспаналы болды.

Қажымұқан Оспанғалиев, ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары:

- 300 миллион теңгеден астам ақша салып отыр. Бұл әлі де жалғасын табуда.Бұған әр түрлі мемлекеттік органдар,ұйымдар солардың кәсіпорныдары ат салысып отыр, сондықтан жаңағы көрсеткішке жетіп отырмыз.

Ата-ана қамқорынсыз өскендерді демеуге арналған  бұл кешенді  жоспар мен «Мейірім» акциясы ел бойынша ең үздік  әлеуметтік жоба деп танылып отыр. Сондықтан қазір өзге облыстарда да  іске асырылып жатыр.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Руслан Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы