378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында ұлттық ойындар сайысы өтіп жатыр

  • 176
  • UPD: 14:09, 01.06.2019

Маңғыстау облысындағы ипподромда ұлттық ойындар өтіп жатыр. Жарысқа жас шабандоздар қатысуда.

Көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату секілді сайыстарды мектеп оқушылары тамашалап, жанкүйер болуда. Бір қызығы, жарыс соңында жеңімпаздардан бөлек көрерменге де сыйлықтар берілмек. Шара  аясында аз қамтылған отбасыдан шыққан өрендерді ұйымдастырушылар қалай қуантпақ? 

Талғат Исламұлы, тілші:

- Армысыздар қазақ елі. Атадан балаға мұра болып жеткен ұлттық ойындар сайысын біздің өңірдегі қоғамдық бірлестік ұйымдастырған. Оның өкілдері Халықаралық балаларды қорғау күнінен орай аз қамтылған отбасынан шыққан жиырмаға тарта баланың әрқайсына биыл  20 мың теңгеден ақша беретінін айтып отыр. Бұл жарысты тамашалауға Ақтаудың және оған көрші тұрған Сайын Шапағатов елді мекенінің оқушылары шақырылған. Әрине ұлттық сайыстарда шеберлігін байқатып, ат құлағында ойнаған өрендер де сый-сияпатқа кенелмек. 

Талғат Исламұлы, тілші:

- Айта кетейін, балаларды қорғау күні игі бастаманы қолға алған бірлестік өкілдері әлеуметтік қолдауға зәру өңір тұрғындарына бірнеше жылдан бері материалдық көмек беріп келеді. Таяуда ғана аз қамтылған көпбалалы жанұяға жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

Хабар 24 телеарнасы