378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Майқұдықта перзентхана дәрігерлері балаларға тосынсый жасады

  • 134
  • UPD: 15:28, 01.06.2019

Дәрігерлер соңғы 10 жылда осы шаңырақта өмірге келген сәбилерді шақырып, керемет мереке ұйымдастырды.

Әлеуметтік нысанның іргетасы сонау 1955 жылы қаланған. Содан бері әр жыл сайын мұнда 2 мыңға жуық сәби дүние есігін ашады екен. Алайда бұл күні тек 100-ге жуық бала келді. Аниматорлар түрлі ойын ойнатып, олардың көңілін көтерді. Сондай-ақ тәттілер үлестірді.

Жанна Әмірбекова, перзентхана дәрігері:

- Осы балалардың барлығы біздің осы перзентханада туылған. Өзіміз де кейбір балалардың туғанына өз үлесімізді қосқанбыз. Бала деген бақыт қой. Біздің демографиямызды көтеру үшін бәріміз де атсалысып, міндетімізді атқарып жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы