389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суға батып бара жатқан баланы құтқарған жасөспірім марапатталды

  • 301
  • UPD: 15:12, 01.06.2019
Суға батып бара жатқан баланы құтқарған жасөспірім марапатталды

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин 9-сынып оқушысы Кирилл Куфельдпен кездесті. Ол өз өмірін қатерге тігіп, Нұр-Сұлтан қаласындағы Нұра өзені арнасында суға батып бара жатқан тоғыз жастағы баланы құтқарды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың жазында Нұра өзенінің арнасында Пригородный кентінің маңында бала шомылуға рұқсат етілмеген жерде ересек адамдардың қарауынсыз суға шомылып жатып, суға бата бастады.

Осы уақытта Кирилл жақын маңда өтіп бара жатып, су бетінде қозғалыссыз дененің болғанын көріп, баланы құтқару үшін суға қарай ұмтылды.
Ағымдағы жылдың мамыр айында құтқарылған баланың әкесі Ішкі істер министрі мен Білім және ғылым министріне Кириллдің батыл әрекетін бағалап, марапаттау туралы жазбаша өтініш білдірді.

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар комитетінің жеке құрамының қатысуымен оқушыларға көрсеткен қырағылығы, батылдығы мен қайсарлығы үшін алғысын білдіріп, оның батырлық іс-әрекеттері мен тез реакциясының арқасында баланың өмірі құтқарылғандығын атап өтті.

Осындай балалардың ержүрек әрекеті мен жанашырлық сезімі құрметке лайық. Қаршадай жаста бола тұра, өзінің өмірін қатерге тігіп, басқаның өмірін құтқаруға әр бала бара бермейді деп айтып, министрдің орынбасары мектеп оқушысын Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша оқушыны «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады.

Ю. Ильин баланың ата-анасына, мұғалімдерге және тәлімгерлерге Кирилл Куфельдке тәрбие бергені үшін алғысын білдіріп, батыл ұл тәрбиелеп отырған ата-анаға алғыс хат табыс етті және Қазақстанда әзірге осындай балалар болған кезде аға ұрпақ еліміздің болашағына сенімді бола алатынын атап өтті.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы