389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырбойылық балғындар төл мерекесінде балабақшамен қоштасты

  • 291
  • UPD: 23:55, 01.06.2019
Сырбойылық балғындар төл мерекесінде балабақшамен қоштасты

Сыр өңірінде соңғы жылдары мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында 300-ге жуық балабақша ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аймақтағы 800-дей мектепке дейінгі мекемеде 50 мыңнан астам балғын тәрбие алады. Салаға құйылған жеке инвестиция 70,8% құрап отыр. Тиімді әріптестік тетігін қолдану арқасында «Балапан» бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалды. Енді алда 0-ден 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер мен өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балаларды бөбекжаймен қамту міндеті тұр. Мемлекеттік бағдарлама арқылы бүлдіршіндерге саналы тәрбие беруде үздіктер қатарынан көрінген мекеменің бірі – «Оралхан» балабақшасы. Халықаралық балаларды қорғау күнінде бөбекжай кезекті 40 балғынды мектепке шығарып салды. 8 жылдан бері білім мен тәрбиенің тал бесігіне айнала білген ұйымның өрендері мерекелік кеште бар өнерін ортаға салды. Ұлттық спорт, дәстүр мен салт-сананы бала бойына сіңіретін әдістемелік құралдармен жұмыс істейтін мекеме ұжымы енді роботты техника үйірмесін ашуды да жоспарлап отыр.   

Гүлжайна Рысбаева, балабақша меңгерушісі:

- Біздің балапандардың осы уақытқа көрсеткен көптеген үздік нәтижелері бар. Алматы қаласындағы онлайн-тренингтерге қатысып, Қызылорда облысында байқауларға қатысып жүр. Енді балабақшамызды одан әрі қарай дамытып, көркейтеміз деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы