389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық бүлдіршіндер «Шүберек қуыршақ» қойылымының тұсаукесерін тамашалады

  • 344
  • UPD: 23:53, 01.06.2019

Алматыдағы Наталия Сац атындағы балалар мен жасөсіпірімдерге арналған театр алаңы да балалардың шат күлкісіне толды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Театр ұжымы Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның қолдауымен «Қазақстандық балаларға – театр» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Халықаралық балаларды қорғау күніне арнайы ұйымдастырылған шараға Алматы қаласының балалар үйінде тәрбеленіп жатқан бүлдіршіндер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың жеткіншектері шақырылған екен. Дегенмен ашық аспан астында өткен мерекелік шараға қаланың барлық кішкентай тұрғындары атсалыса кетті.

Аяулым Қарабек, №157 орта мектептің оқушысы:

- Мультфильмдегі кейіпкерлер бізді билетті. Олардың билері ұнады. Біз олармен бірге суретке түстік. Олар бізге сурет салдырды. Бізге сол керемет болды.

Әсел Көбеген, №81 мектеп-гимназиясының оқушысы:

- Бүгінгі мереке маған өте ұнады. Өйткені бұл жерде бізді билетіп, көңіл-күйлерімізді көтеріп жатыр. Маған осы мереке өте ұнайды. Өйткені балалар күні – менің ең жақсы көретін мерекем.

Мерекелік концертте қаланың жас өнерпаздары домбыраның құлағында ойнап, оркестрдің сүйемелдеуімен классикалық туындыларды да шырқады. Ал жас футболшылар өз шеберліктерін көрсетті.

Бүлдіршіндер «Әрқашан күн сөнбесін» деп, асфальтқа өз армандары мен ой-мақсаттарын суреттеді. Олар үшін америкалық драматург Уильям Гибсонның пьесасының желісі бойынша қойылған «Шүберек қуыршақ» қойылымының тұсауы кесілді.

Ирина Арнаутова, Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы:

- Балалар үшін өнер көрсету, олардың жүзінен қуаныш пен шаттықты көрудің өзі бір ғанибет. Себебі, олар бізді кіршіксіз көңілмен тамашалайды.

«Махаббат пен мейірім, ізгілік, яғни бала үшін ең игі қасиеттердің барлығын біз әрбір көрерменге жеткізуді мақсат етеміз. Себебі, бала – біздің болашағымыз», – дейді театр ұжымы. 

Авторлары: Алуа Маханбет, Нұрдәулет Жақсыбай

Хабар 24 телеарнасы