389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық жастар көп балалы отбасына үй салып берді

  • 384
  • UPD: 23:52, 01.06.2019
Атыраулық жастар көп балалы отбасына үй салып берді

«Бітер істің басына – жақсы келер қасына».

Атыраудың бір топ жастары қайырымды іс қылып, көп балалы анаға үй салып берді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Шаңырақтың керек-жарағын да алып беріп, ішін жиһазға толтырып жатыр.

Мейрамгүл Әмірғалиеваның қуанышында шек жоқ. 4 баламен әр жерді паналап жүрген оның енді өз шаңырағы бар. «100 шаршы метрден тұратын баспанада барлық жағдай жасалған», – дейді. Бұл үйді қарапайым жастар өз күштерін біріктіріп салып берген екен.

Асқат Балгимбаев, қала тұрғыны:

- Біз осы ісіміз арқылы жастарға және барлық қазақстандықтарға үлгі көрсеткіміз келді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, біз бірлесе отырып осы жобаны жүзеге асырдық.

Кең үйге көшіп келген отбасындағы 14 жасар Абзал – арбаға таңылған мүгедек бала. Ол «өз үйімде емін еркін қозғалатын болдым» деп ағынан жарылды. Енді бұл үйдегі балалардың әрқайсысының өз бұрышы бар

Мейрамгүл Әмірғалиева, көп балалы ана:

- Қуанышымда шек жоқ. Сіздерге көп рақмет. Алғысым шексіз. Осындай үймен қуантып жатсыздар.

Үй салып берен жастар сонымен қоса жиһаздар мен басқа да тұрмысқа қажетті заттарды сыйға тартты.

Авторлары: Виктор Сутягин, Амантай Матенов пен Жандос Рахметулин

Хабар 24 телеарнасы