389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында 250 жас домбырашы «Балбырауын» күйін орындады

  • 500
  • UPD: 23:51, 01.06.2019
Павлодар облысында 250 жас домбырашы «Балбырауын» күйін орындады

Павлодар облысында Халықаралық балаларды қорғау күні ерекше тойланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардағы орталық жағалауда балалар мен жастар музыкалық оркестрлерінің шеруі өтті. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шарада 250 жас домбырашы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Ал жергілікті кәсіпорындар балаларға тегін балмұздақ пен тәтті сусындар таратып, тосын сыйға кенелтті. Ал Ақсу қаласында 1 маусым күні дәстүрге сай балалардың жазғы фестивалінің шымылдығы түрілді. Демалыс саябағына жиналғандар үздік өнерпаздардың мерекелік концертін тамашалап, спорттық шараларға қатысты. Үлкен қуыршақтар мен аниматорлар көңілді мерекенің ажарын аша түсті.

Аружан Серікова, оқушы:

- Бүгінгі сайыста күшті ойындар болды. Біз  қызықты ойнадық. Басқалармен сайыстық. Жеңбесек те уақытты көңілді өткіздік.

Хабар 24 телеарнасы