389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да ауыл учаскелері сайлауға дайын

  • 343
  • UPD: 09:16, 02.06.2019

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдардағы сайлау учаскелері алдағы саяси науқанға дайын.

Тайынша ауданында сайлаушылардың тізімі түгенделіп, тұрғындарға шақырту қағаздары жеткізіліп жатыр. Дауыс беру орындары бүгінде қажетті құрал-жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етілді. 9 маусымда мұнда 31 мың 726 адам өз таңдауын жасайтын болады. Олардың 70-тен астамы сайлауға алғаш рет қатысқалы отыр. Жалпы өңірде 663 сайлау учаскесі бар. Оның 93- і Петропавлда болса, қалғандары аудан және ауылды жерлерде орналасқан.

Күлпәш Есләмова, Тайынша аудандық сайлау комиссиясының төрайымы:

– Аудан бойынша бүгінгі күні сегіз адамға есептен шығару куәлігі берілді. Оның төртеуі Монғолия еліне жол жүріп бара жатыр. Екі адам Ресейде дауыс береді. Ал тағы осыншасы Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Сарбаздар яғни әскери бөлімдерде таңдау жасайды.

Хабар 24 телеарнасы