378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 30-дан астам бүлдіршін жазасын өтеп жатқан аналарымен қауышты

  • 107
Атырауда 30-дан астам бүлдіршін жазасын өтеп жатқан аналарымен қауышты

Балаларды қорғау мерекесі күні Атыраудағы қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты департамент игі шара ұйымдастырды.

Нөмірі 157-де 11 мекемесінде 157 азаматша өздерінің жазасын өтеп жатыр. Бүгінгі кездесуге 45 сотталушыдан өтініш түсіпті. Ереже бойынша әр азаматшаға 2 ересек 4 бүлдіршін кіре алады екен. Осылайша 30-дан астам бүлдіршін бүгін аналарымен қауышты. Салтанатты шарада түзеу мекемесі арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырған. Жалпы түрмеде отырғанымен мұндағы қыз-келіншектердлің жағдайы жаман емес. Олар тігін цехы, қолөнер, кеңсе құжаттарын дайындау секілді 7 мекемеде жұмыс істейді. Осылайша олар жазасын өтей жүріп табыс табады. Сот кескен айыппұлдарын өтейді, артылғанын артта қалған отбасына жібере алады. Сондай-ақ жазасын өтеп жатқан азматшалар тәртібіне қарай тоқсан айын тума-туыстарымен, баларымен кездесе алады.

Хабар 24 телеарнасы