378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы 8 жоғары оқу орны жемқорлыққа бейім деп танылды

  • 184
Қостанай облысындағы 8 жоғары оқу орны жемқорлыққа бейім деп танылды

Мыңнан астам студенттен алынған анонимді сауалнама нәтижесі осындай.

Олар сессия кезінде оқытушыларға белгілі сомада пара бердік немесе бізден ақша талап етті деп жауап берген. Бұдан былай, білім ошақтарындағы коррупциялық әрекеттердің алдын алу үшін мемлекеттік қызметшілер, қоғам белсенділері емтихан барысына бақылау жүргізеді. Жаңа үлгідегі емтиханды ветеринарлық факультет студенттері тапсырды. Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдерінің айтуынша, бұл бастама республика көлемінде кеңінен қолдау тауып жең ұшынан жалғасатын келеңсіздіктерді жоюға септігін тигізбек.

Айкүнім Қасен, «Қостанай - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері:

– Барлығымыз білеміз билеттің бір жағы ақ, бір жағында сұрақтар болады.Екінші жақ бетіне «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсеміз туралы ақпарат көрсеттік. Егер студенттер, оқытушылар сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерімен кездескен жағдайда біздің көрсеткен нөмірлерге шағымданса болады.

Виктория Подольская, студент:

– Біздің емтихан осылайша ерекше өтеді деп күтпеген едік. Өз басым бұл бастаманы қолдаймын. Егер оқытушы тарапынан жемқорлыққа итермелейтін қандай да бір әрекеттер байқалса, билетте көрсетілген телефон нөміріне хабарлай аламыз.

Хабар 24 телеарнасы