389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық жастар көп балалы отбасыға үй салып берді

  • 230
  • UPD: 09:17, 02.06.2019

Атыраудың бір топ жастары қайырымды іс қылып, көп балалы анаға үй салып берді.

Шаңырақтың керек жарағын да алып беріп, ішін жиһазға толтырып жатыр.

Мейрамгүл Әмірғалиеваның қуанышында шек жоқ. 4 баламен әр жерді паналап жүрген оның енді өз шаңырағы бар. 100 шаршы метрден тұратын баспанада барлық жағдай жасалған дейді. Бұл үйді қарапайым жастар өз күштерін біріктіріп салып берген екен.

Асқат Балгимбаев, қала тұрғыны:

– Біз осы ісіміз арқылы жастарға және барлық қазақстандықтарға үлгі көрсеткіміз келді. Шынымен жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, біз бірлесе отырып осы жобаны жүзеге асырдық.

Кең үйге көшіп келген отбасындағы 14 жасар Абзал – арбаға таңылған мүгедек бала. Ол өз үйімде емін еркін қозғалатын болдым деп ағынан жарылды. Енді бұл үйдегі балалардың әрқайсының өз бұрышы бар

Мейрамгүл Әмірғалиева, көп балалы ана:

– Қуанышымда шек жоқ. Сіздерге көп рақмет. Алғысым шексіз.

Үй салып берен жастар сонымен қоса жиһаздармен басқа да тұрмысқа қажетті заттарды да сыйға тартты.

Авторлары:  Виктор Сутягин, Амантай Матенов, Жандос Рахметулин.

Хабар 24 телеарнасы